Газа секторының солтүстігінде 400 мың адам қалған - АҚШ

1406
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ahmad Hasaballah/Getty Images
Фото: Ahmad Hasaballah/Getty Images

Газа секторының солтүстігінде 400 мың адам қалғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ВВС-ге сілтеп. 

Израиль барлық тұрғындарды эвакуациялауға шақырған Газа секторының солтүстігінде әлі 400 мыңға дейін адам бар. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Таяу Шығыстағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі арнайы елшісі Дэвид Саттерфилд айтты.

Соңғы бірнеше аптада Израиль Газаның солтүстігіндегі тұрғындарды оңтүстікке қоныс аударуға шақырған болатын. Себебі оңтүстік қауіпсіз аймақ деп жарияланды.

Содан бері Солтүстік Газа Израильдің тұрақты әуе бомбалауы мен жердегі шабуылдарының нысанасына айналды.

Иордания астанасы Амманда журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Саттерфилд 800 мыңнан миллионға дейін адам оңтүстікке қоныс аударды, ал 350 - 400 мың адам анклавтың солтүстігінде қалды деп мәлімдеді.

Пікірлер