Теміртауда екі жасар ұлын өлтірген өгей әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды

1545
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Теміртауда екі жасар ұлын айуандықпен өлтірген өгей әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды, хабарлайды “Адырна». 

Сот 8 қарашада өткен. Сот отырысында айыпталушының ерекше қатыгездікпен жасаған қылмысы айтылды. 

“2023 жылдың 23 наурызында Теміртаудағы пәтерлердің бірінен екі жасар сәбидің мәйіті табылды. Күдікті 24 наурызда ұсталды. Ол кінәсін мойындады. 27 наурызда қамауға алынды”, – делінген хабарламада. 

Деректерге сай баланың жүрек тұсындағы пышақ жарақаттарынан бөлек, қолы да сынған. Анасының айтуынша, күйеуі ұсталған кезде оның қолдарында тілік болған. Ол өз тамырын кеспек болған. Ал тергеу барысында түрмеге түспес үшін өзін жынды етіп көрсеткісі келген.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, Теміртауда ер адам азаматтық некеде тұрған әйелінің баласын өлтірген. Кейін бүлдіршіннің анасы күйеуінің балалар үйінде тәрбиеленген, бұрынғы әскери қызметкер болғаны туралы деректермен бөлісті. 18 рет пышақтаған азаматтың мұндай қатыгездік көрсетуіне не себеп болғаны белгісіз. 

Пікірлер