Наурызды қайтарған фольклортанушы

5139
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Бүгін Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлықтарының иегері, «Парасат» орденімен және бірнеше медальдар иесі Рахманқұл Бердібайдің туған күні.

Әдебиеттанушы 1927 жылы 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы Түркістан ауданының Көкіш ауылында дүниеге келген. Ол өзінің жұмыс істеген жылдарында 32 мың кітап және мыңнан астам мақала жариялаған.

Ол «Қазақ тарихи жыр­ларының мәселелері», «Фольклор шын­ды­ғы», «Қа­зақ фолькло­рис­ти­касының тарихы», «Қазақ фольклорының поэ­тикасы», «Қазақ фольк­лоры­ның типологиясы» секілді ір­гелі акаде­мия­лық зерттеу­лер­дің жазылуына жетекшілік жасап,  осы зерттеулердің негізгі тарауларын жазысты.  Сондай-ақ өткен заманнан қалған мұраны әділ зерттеп, бағалаудың орнына оның бәрін әдебиеттің «алтын қорына» қосуды ұсынады.
Рахманқұл Бердібай жазған алғашқы мақала­ларынан бастап-ақ қазақ халқының тағдыры оның тілінің тағдырымен тікелей байланысты екенін ашына көтерген.

Мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков өз естелігінде былай деген болатын: «Әлі есімде, маған Орталық Комитетке хатшы болып сайланысымен арада он күн өтпей жатып, Қазақстан Жазушылар одағының пленумында сөй­леу­ге тура келген еді. Рахманқұл Бердібай сол кездесуде зиялы қауымнан бірін­ші болып Наурыз мейрамын атап өту жөнінде мәселе қойған болатын».

Рахманқұлдың шығармашылық жолы – ұлтқа әдебиет, мәдениет, ғылым арқылы қызмет етудің жарқын көрінісі. Ұлттық рух, сол рухты ұлықтау оның бүкіл еңбектерінің негізгі сарынын құрайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер