"Ту өзгермесін". Қырғызстандықтар рәміздің жаңаруына қарсылық танытты

1192
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Қырғызстандықтар мемлекеттік тудың өзгеруіне қарсылық білдіріп, президенттің Instagram парақшасына шабуыл жасады, деп хабарлады "Адырна" тілшісі kaktus.media-ға сілтеп.

Соңғы бірнеше аптада қырғызстандықтар Садыр Жапаровтың Instagram-дағы жазбаларының астына Қырғызстан туын өзгертпеуді талап етіп, пікірлер қалдыруда.

"Мен тудың өзгеруіне қарсымын!", "Қырғызстанның ең әдемі өзгермесін!", "Қырғызстан халқы тудың өзгеруіне қарсы!", - деп түрлі пікірлер қалдыруда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған. Алайда туды өзгертуге 80 депутат қатысып, 66 депутат қолдап, 8 депутат қарсы болғанын жазған едік.

Пікірлер