Жазушы Ұларбек Дәлейұлының хикаялар жинағы жарық көрді

1166
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейсен Сұлтан
Фото: Бейсен Сұлтан

Ақын, жазушы Ұларбек Дәлейұлының хикаялар жинағы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform-ға сілтеп.

Ұларбек Дәлейұлының су жаңа жинағы - «Қарғыбаулы қасқыр». Туындының тұсаукесері Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті.

«Қарғыбаулы қасқыр» атты кітапта қазақ халқының ежелгі тарихы, тайталасқа толы ауыр тағдыр, соғыстағы ерліктер мен өр рухты халықтың ғұмыры баяндалды.

кітап
Фото: Ризабек Нүсіпбек

Автордың сөзінше, бұл кітапты жазудағы мақсат — қазіргі сан тарауға бөлінген қоғамді біріктіру, сондай-ақ өсіп келе жатқан жас жігіттердің намыс жігерін ояту болған.

 

«Менің басты мақсатым — өзінің ұлттық рухынан адасып, сана түрлі бағытқа бөлініп бара жатқан замандастарымның басын біріктіруге ұмтылу. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық санасына сілкініс жасау болатын. Сол үшін өткен ғасырда арғы беттегі қазақтардың жаумен күресудегі ерекше ерліктерін тарихи деректерге сүйене отырып жазып шықтым. Осы алдыға қойған жоспарым орындалды деп ойлаймын, өйткені кітапты оқыған барлық оқырмандарым жоғары бағасын беріп жатыр», - дейді автор Ұларбек Дәлейұлы.

Ұларбек
Фото: Ризабек Нүсіпбек

«Қарғыбаулы қасқыр» атты жинақтың тұсаукесеріне мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса мен Абзал Құспан, зиялы қауым өкілдері қатысқан.

Пікірлер