Әкім әлеуметтік желіде тараған видеосына түсінік берді

1265
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жуырда жаңа үйлердің кілтін табыс ету кезінде болған жайға түсінік берді. Әкімнің сондағы әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз алаңында осы сұрақ облыс басшысына қойылды.

Әкімнің айтуынша, бұл оқиға Арал ауданында болған. Сондай-ақ ол видео таратқан адамдарға өкпелі екенін ескертті.

- Арал ауданында біз 100 отбасыға пәтер кілтін табыстадық. Сіздің айтып отырғаныңыз сол үйді табыстау кезіндегі жағдай. Шынын айтқанда, ол жерде келеңсіз оқиға орын алған жоқ. Баспасөз хатшым бұл туралы кеше баяндады, енді оны шығарған адамның өзінің ары біледі. Баспасөзқ ызметкерімнің айтуынша, абыройын, рейтингін көтеру үшін осы видеоны монтаждап шығарған. Жылдамдығын көбейтіп, басы, аяғын алып тастап, әсерлеп берген. Өзіне қажетті әрі халыққа өтетін жағын көрсеткен. Баспасөз хатшым кейін олар өз қателіктерін мойындап, кешірім сұрап, өздерінің жазбаларын жариялады деді. Оны өздеріңіз де көрсеңіздер де болады. Мен олардың кім екенін білмеймін. Біздің ресми парақшамыздан ол шараның қалай өткенін білгіңіз келсе, видеоның түпнұсқасы тұр. Біз қазір аудандарға барған кезде бұрынғыдай жүгіріп лента қимаймыз. Сол елдің үлкендері мен ардагерлеріне лента қидырып, батасын аламыз. Кілт берген кезде біреуін тапсырамыз да қалғанын ардагер ағаларымыз тапсырсын дейміз. Видеоны көрсеңіздер, қарындасыма «кілтті ардагерге апарып бер» деп айтып жатырмын, бірақ ол оны естімей, түсінбейді. Күн салқын. Екінші кілт алатын адам кезекте тұр. Алмаған соң, алдым да бердім мен. Онда тұрған не бар? Тұрғын үй алып жатқан адаммен суретке түстім. Кілт алатын кезекте адамдар болған соң «Бара беріңіз» деп айттым. Әріптестер, өкінішке орай, бәріміз болмасақ та, кейбіріміз өзінің рейтингін көтеріп, абыройын көтеру үшін тырнақ астынан кір іздейтін адамдар бар. Бұл өте дұрыс емес деп есептеймін. Сын айтылу керек, біз оны қабылдаймыз. Одан қорытынды шығарамыз. Бірақ ол, өтініш, шынайы болса. Бізде осындай сыни материал шықса, бәріміз жоқ жерден іздеп тауып аламыз. Ал ертең біз оны терістеп берсек те, тіпті ешкім де қараймайды. Өмір болғаннан кейін бізге де жақтас адамдар бар ғой. Солар «мен шындықты айтып пікір жазсам, өшіріп тастайды» деп айтады. Бұл дұрыс емес қой. Бәрі шынайы болу керек», – деді ол.

Баспасөз мәслихатында модератор «Нұрлыбек мырза, рақмет» деп әкімді тоқтатуға мәжбүр болды.

 

Серік Жолдасбай

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер