Қырғыз әйелдерінің дәстүрлі бас киімі ЮНЕСКО тізіміне енді

1292
Adyrna.kz Telegram
Сурет: loskutdomik.ru
Сурет: loskutdomik.ru

Қырғыз әйелдерінің дәстүрлі бас киімі элечек ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шешім ұйымның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау үкіметаралық комитетінің 18-ші сессиясында бірауыздан қабылданды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел халқы үшін элечектің маңызды мұра екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімінде әлемнің 705 мәдени мұрасы бар.

Пікірлер