Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың біржолғы төлемдері көбейді

2028
Adyrna.kz Telegram
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың біржолғы төлемдері көбейді. Бұл жөнінде Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлемді 250 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы orda.kz сайтына сілтеп. 

Әкімдік мұны келесі жылға жоспарлаған. Дегенмен Алматы әкімі Ерболат Досаев Тәуелсіздік күні қарсаңында үнемдеу арқылы бұған мүмкіндікті қарастыруды тапсырды.

Еске салсақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар жыл сайын 150 мың теңге көлемінде төлем алады. Биыл 702 желтоқсан оқиғасы ардагерлеріне  көмек көрсетіледі.

Бұған дейін Еңбек министрлігі кәсіби жәрдемақы төлеудің жаңа ережелерін әзірлеген болатын. Ендігі жерде қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қазақстандықтар арнайы төлемдер алатын болады.

Пікірлер