Қазақстандағы екі мәдени мекемеге «академиялық» мәртебе берілді

1565
Adyrna.kz Telegram

Үкімет Қаулысымен Қазақстандағы екі мәдени мекемеге «академиялық» мәртебе берілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» және «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Академиялық» мәртебе берілді», деп жазылған министрдің мәліметінде.

Пікірлер