Түркістанда құбыр жарылып, үйлерді су басты

1165
Adyrna.kz Telegram
Фото: КТК
Фото: КТК

Түркістанда 19 жаңа көпқабатты үй жылусыз қалды. Үйлердің бірінде құбырлар жарылып, 7 қабатты су басты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қатты желдің салдарынан бір үйдің шатыры жұлынып, құбырлар суыққа шыдамай, жарылып кеткен. Тұрғындардың айтуы бойынша, 12-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейінгі пәтерлерді су басқан. Арна тілшілерінің мәліметінше, мұндағы «қымбат» үйлер пайдалануға биыл берілген.

Бұл үйлерді салған мердігерлер қазірдің өзінде келіп, ертең бәрін қалпына келтіреміз деп халыққа уәде берді. Сондай-ақ олар келтірілген шығынды өтеуден бас тартқан жоқ. Бірақ облыс әкіміне қарама-қарсы тұрғызылған 13 көпқабатты үйдің жағдайы жақсы емес. Мұндағы пәтерлер кезекте тұрғандарға таратылған. Жел үйлердің қасбеттерін (фасад) жұлып әкеткен. Тұрғындардың айтуынша, олардың үйлері өте суық.

«Бір жерде құбыр жарылып кетіпті, соны жөндейміз, сосын жылу береміз деп уәде берді. Әзірше киініп жүрміз. Міне, осылай қалпақпен сабақ береміз. Сондай-ақ ұйықтағанда да қалпақпен ұйықтаймыз», - дейді Азамат Жұрнабаев.

Бұл үйлердің тұрғындары балаларының денсаулығына алаңдаулы. Ал шенеуніктер үйлерде тек бір тәулікке ғана жылу жоқ деп сендіреді. Бірақ қазіргі жағдайдың ыңғайлы емес екеніне де келіседі. Олар неліктен жылудың халыққа жетпей жатқанын анықтап жатыр, мүмкін, сапасыз құрылыстың салдарынан деп болжайды. Сонымен қатар үйлердің желден жыртылған жабындары қалпына келтірілгенде, жылы болады деп сендіреді.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер