Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру бағдарламасы аяқталды

1371
Adyrna.kz Telegram
Фото: GOV.kz
Фото: GOV.kz

Бүгін, 2023 жылғы 16 желтоқсанда «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ресейлік «Арктика-М» №2 жерсерігі ұшырылды. Ұшыру белгіленген уақытта, Астана уақыты бойынша 15:17:48-де орындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Дәстүр бойынша, Байқоңырдан ұшыру Роскосмостың телестудиясы тікелей эфирінде көрсетілді. Хабарламаға сәйкес, зымыран тасығыштың бөліктерін бөлу және «Фрегат» жоғарғы сатысы мен «Арктика» ғарыш аппаратын тасымалдау орбитасына шығару штаттық режимде өтті.

2021 жылғы ақпанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған бірінші осындай аппарат - «Арктика М» №1-мен бірлесіп, «Арктика-М» екінші спутнигі Солтүстік Мұзды мұхиттың жер беті мен теңіздерінің тәулік бойы ауа-райының мониторингін, сондай-ақ тұрақты және сенімді байланысын қамтамасыз етеді.

Осы ұшыру арқылы Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағынан ағымдағы жылдың ұшыру бағдарламасын аяқтады. 2023 жылы Халықаралық ғарыш станциясы мен коммерциялық ұшыру бағдарламасы бойынша Байқоңырдан барлығы 9 ұшыру жүзеге асырылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер