Жеңілдіктен соң. Алматыда сауда орталығына келушілер бір-бірін таптап кете жаздады

1657
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда сауда орталығының бірінде сатып алушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.

Алматыда сауда орталықтарының бірінде дүкендер жеңілдік жариялаған. Жеңілдікке үмітті адамдар бір-бірін таптап кете жаздап, келеңсіздік тудырған. Тіпті орталықтағы витриналарды қиратқаны белгілі болды.

"Адам көп болғаны сонша – олар бірнеше сауда нүктелері мен витриналарды қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияны шақыруға, адамдарды эвакуациялауға тура келді", – делінген бейнероликте.

Орын алған жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Алматы қаласының полиция департаменті сауда орталығындағы бір бутикте жеңілдік жарияланғандықтан, келеңсіз жайт орын алған.  Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Пікірлер