Апат. Алматы облысында екі жеке тұрғын үйде газ жарылды

1235
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Гүлдала ауылында екі жеке тұрғын үйде газ жарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті. Қазір зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

"17 желтоқсан сағат 06:15-те Гүлдала ауылы Байтұрсынов көшесі 67 мекен-жайындағы және сағат 08:20-да Гүлдала ауылы, Сүйінбай көшесі, 34 мекен-жайындағы жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының өршуінен газдың жарылуы орын алды. Жарылыс салдарынан 4 адам зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарылыстың алдын ала себебі – табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы мүмкіндігінен болуы болжамы бар. Нақты себебін анықтау үшін Төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс жүргізуде", - деп мәлімделген Талғар аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков оқиға орнына барып, оқиға салдарымен танысты.

Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппаратына және аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне алдын алу шараларын ұйымдастырып, тұрғын үйлерді аралап, тексеру жұмыстарын қолға алуды тапсырған.

Пікірлер