Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

1040
Adyrna.kz Telegram

Астананың “Жастар” театрында тәрбиелік мәні зор, өскелең ұрпаққа берері мол шара өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сарыарқа ауданы әкімдігі және «Қарашаңырақ» Қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен Сарыарқа ауданы аумағында орналасқан жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқитын, бұрымы ұзын бойжеткендер арасында “Шашбаулым” атты ұлттық этнографиялық сайысы өтті.

Ұлық мереке қарсаңында өткен сайысқа Сарыарқа ауданында орналасқан колледждер қатысты.

Сайыстың бас жүлдесіне белгілі зергер Берік Әлібайдың шәкірті, ұлы, зергер Зият Берікұлының қолынан шыққан ұлттық туынды, бағалы бұйым -күміс шашбау берілді. Көп қыздың арасынан ақылы көркіне сай бұрымды атанған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ колледжінің студенті Тілеужан Айдана болды.

Ал 1 орынды “Астана Профи” қалалық шаруашылық коллджі” студенті Рүстемқызы Зере иеленді. Жеңімпазға Зият зергердің туындысы -қоңырау сырға мен құс тұмсық жүзік сыйланды.

2 орын екі қатысушыға берілді. “Астана қаласы әкімдігінің “Сервис және туризм колледжі” ШЖҚ МКфк студенті Құрмашева Аниса мен Астана қаласы “Техникалық колледжі” ШЖҚ МКК студенті Балабай Ақбота алды.

3 орынды үш бойжеткен иеленді. “Урбан” колледжінің студенті Русланқызы Рауан, “Астана политех” жоғары колледжінің студенті Набиғат Аягөз, Астана қаласы әкімдігінің “Жоғары көлік және коммуникация колледжі” ШЖҚ МКК студенті Рахимова Орынбасар жайғасты.

Сайыста қалың “Көрерменнің көзайымы” аталымын З.Мұрзағұлова атындағы “Даналық” жоғары медициналық колледжінің студенті Пірниязова Қарақатқа берілді.

Барша қатысушы қыздарға “Қара шаңырақ” ҚБ брендіне айналған “Қазақша сөйлейік” экодорбаларына салып, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф жазушы Зейнеп Ахметованың “Күретамыр” кітабын сыйға тарттық. Сонымен қатар дипломдар, гүл шоқтары тарту етілді.

Пікірлер