Ресей СІМ Прилепиннің мәлімдемесіне пікір білдірді

1352
Adyrna.kz Telegram

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова жазушы, «Әділетті Ресей – Шындық үшін» партиясының тең төрағасы Захар Прилепиннің мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ресей мен Өзбекстанды жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл жай ғана жақсы сөз емес. Өзара байланыстың өркендеп келе жатқанын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қазан айында елімізге жасаған ресми сапары кезінде алған әсерлі нәтижелері мен Кеңес отырысында орнаған екі ел басшысының арасындағы жылы атмосфера дәлелдейді.

Біз 2004 жылғы 16 маусымдағы стратегиялық серіктестік және 2005 жылғы 14 қарашадағы одақтастық қатынастар туралы келісімдерге толықтай бейілдіміз. Өзара міндеттемелерге сәйкес, біздің ынтымақтастығымыз егемендікті құрметтеу мен достық негізінде құрылады»,—деді ол.

Айтуынша, Ресей мен Орталық Азияны ортақ тарих, тығыз адами және мәдени байланыстар, сауда-экономикалық және тікелей экономикалық байланыстар біріктіреді.

«Біз бір-бірімізге көмектесуге әрқашан дайынбыз. Бұл бірнеше рет іспен расталған. Мәселен, коронавирустық пандемия кезіндегі өзара қолдау, зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына гуманитарлық көмек, Орталық Азиядағы қалыптан тыс суық кезде ресейлік энергетикалық ресурстарды жеткізу.

Көші-қон тақырыбына қатысты ресейлік тарап шетелден, бірінші кезекте дос елдерден еңбек ресурстарын тарту біздің мемлекеттің де, мұндай қызметтерді экспорттайтын елдердің де мүдделеріне сәйкес келетінін бірнеше рет атап өтті. Қазіргі уақытта көші-қон өзара тиімді ету мақсатында нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және басқа да шаралардың тұтас кешені бойынша жұмыс жүргізілуде. Прилепиннің мәлімдемелері оның жеке пікірі екені анық, бұл тіпті Ресей Федерациясының ресми ұстанымын алыстан көрсетпейді»,—деп толықтырды Мария Захарова.

Пікірлер