Алматыдағы жан түршігерлік апаттан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

1261
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі автобустың жаяу жүргіншілерді қағуы салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған жүргізуші мен зардап шеккендердің жағдайы туралы қосымша ақпарат берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Зардап шеккендер мен жүргізушінің жағдайы:

50 жастағы әйел: Бірнеше сынықтары бар науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы әртүрлі дене жарақаты пен травматикалық шокқа байланысты ауыр жағдайда.

55 жастағы ер адам: Нейрохирургия бөлімінде жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

36 жастағы автобус жүргізушісі: жабық бассүйек-ми жарақатымен және жеңіл бас миының контузиясымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Сондай-ақ кішкентай бала №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында қаралып, диагноз қойылды: сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің контузиясы. Гипс салынып, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Сонымен қатар, барлық зардап шеккендерге медициналық көмектің толық кешені көрсетілгені, мамандандырылған бөлімшелер қажетті көмек пен емдеуді көрсетуге дайын екені атап өтілді.

Еске салайық, оқиға кеше, 22 желтоқсанда Алматы қаласында болды. Апат салдарынан 3 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер