"Мұсылмандарға жат". Түркіменстанда жаңа жыл мерекесі тойланбауы мүмкін

2419
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Түркіменстанда жаңа жыл мерекесі тойланбауы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Хроники Туркменистана" басылымына сілтеме жасап.

"Хроники Туркменистана" басылымының хабарлауынша, Түркіменстанда жаңа жыл мерекесін тойлауға қарсылықтар көбейген.

Имамдар мешітке келушілерге "мұсылмандарға жат мерекені атап өтпеуді" уағыздаса,  базарларда шошқа етінің сатылымы шектелген. Ал алкогольді сусындар тек 22:00-ге дейін саудаланып жатыр.

Түркіменстан астанасы Ашхабадта ресми шыршалар тек үш жерде орнатылған. Ал өзге ғимараттардың алдындағы безендірілген шыршалар алынуда.

Дегенмен биліктің шектеулеріне қарамастан, Түркіменстан халқы мерекеге дайындалуда.

Пікірлер