Астана Бішкекті бірінші болып құттықтады. Қазақ-қырғыз одақтастығына - 20 жыл

1151
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2003 жылғы шарт қазақ-қырғыз қатынастарының дамуында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Біздің көпжақты мемлекетаралық байланыстарымызды тиімді ілгерілету үшін берік шарттық-құқықтық негіз қаланды. Барлық деңгейдегі белсенді саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы тығыз ықпалдастығы – соның айқын дәлелі», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар одан әрі нығайып, екіжақты ықпалдастықтың орасан зор әлеуеті бауырлас халықтардың игілігі үшін қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Пікірлер