"НеМолчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

1744
Adyrna.kz Telegram
Фото: vox populi.kz
Фото: vox populi.kz

"НеМолчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі іздестіріліп жатқаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

Дина Смаилова қазір құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы қылмыстық іздестіру базасына енгізілген.  Оны іздеу, тінту жүргізетін орган ретінде Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы көрсетілген.

6 желтоқсан күні Дина Таңсәрі деген лақап атпен танылған қазақстандық белсенді Дина Смаиловаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық) бойынша жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Дина Таңсәрі Қазақстан билігі қудалауда деп айыптап, халықаралық қауымдастықтан көмек сұраған болатын.

"27 мамырда маған Алматы қалалық полиция департаменті Алматы қалалық прокуратурасымен бірлесе отырып, қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу), 274-бап (Күдікті) және 274-баптың 2-бөлігі – (Көрінеу жалған ақпарат тарату) баптары бойынша айып тақты", - деп жазды Дина Таңсәрі.

Өткен айда да Дина Смайыловаға қатысты алаяқтық іс тергелуде екенін хабарланған.

 

Пікірлер