"Қыз зорлады". Есінен танған полицейді арнайы жасақ күзетіп отыр

1382
Adyrna.kz Telegram

"Қыз зорлады" деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Orda.kz-ке сілтеп. 

Полицейді арнайы жасақ күзетуде. Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев 5 наурызда сот залында есінен танып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Айыпталушының әйелі оған тұрақсыз стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылғанын айтты.

"Күйеуім артериялық гипертензия, стенокардия және созылмалы бронхитпен басқа ауруханаға жіберілді. Неге екенін білесіз бе? Кардиологиялық орталықта сотталушыларға арналған арнайы бөлімше жоқ екен", -  деді айыпталушы Күштібаевтың әйелі Ләззат Түкенова.

Одан бөлек Күштібаевтың жары күйеуінің денсаулығына алаңдайтынын айтты.

"Егер ертең ауруы қайталанып, өлімге әкелсе бұған кім жауап береді? Ең алдымен адамды емдеуге Uиппократ антын қабылдаған дәрігерлер  міндетті ме, әлде прокуратура мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ме?",- деп сұрайды Күштібаевтың әйелі.

Талдықорғанда "Алматының 27 жастағы тұрғынын зорлады" деп айыпталған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр

Пікірлер