Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

1037
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дерекөзі
фото: ашық дерекөзі

Мемлекет басшысы православие дін өкілдерін Рождествомен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы православие дін өкілдерін Рождество мерекесімен құттықтап, мерекенің маңызын айтты.

“Құрметті отандастар! Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрамда жоғары адамгершілік қасиеттер кеңінен дәріптеледі, ізгілік пен әділдікті орнықтыра түсуге баса мән беріледі. Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық танытуға және мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға үндейді, осы дінге сенетін жандарға үміт пен қуаныш сыйлайды”, – деді Тоқаев өз құттықтауында.

Сонымен қатар Президент өзге діннің ел бірлігін нығайтуда елеулі орны бар екенін атап өтті.

“Православие еліміздің дәйекті дамуына қажетті басты шарттың бірі – жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға да ықпал етеді. Православиені ұстанатын азаматтарымыз Әділетті Қазақстанды құруға және еңбекқорлыққа, білімпаздыққа, отаншылдыққа, тілектестікке, өзара жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп сенемін”, – деді мемлекет басшысы.

Пікірлер