Оралдағы жарылыс. Дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды

1092
Adyrna.kz Telegram
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Оралдағы жарылыс болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Күдіктіге екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеуді басталды. Кәсіпкер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындады.

Еске сала кетейік, төрт күн бұрын Оралда дәмханада газ қоспасы жарылып, ғимарат өртенген болатын. Салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам жарақаттанған болатын.

Пікірлер