Майқайыңдағы апаттан 5 күн өткенде. Министр автобусқа әлі 5 метр қалғанын айтты

1174
Adyrna.kz Telegram
Павлодар облыстық ТЖМ
Павлодар облыстық ТЖМ

ТЖ министрі Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ-ның алтын кенішіндегі ойыққа түсіп кеткен автобусты шығару жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Әзірше автобусқа дейін 5 метр қалды. Өте баяу түсу қажет. Ең бастысы – құтқарушылар мен ойықты аршып жатқан жұмысшылардың қауіпсіздігі. Бұл оңай шаруа емес. Нақты мерзімін, сағатын, ай-күнін айту қиын. Өйткені құтқару жұмыстары қайта-қайта үзіліп қалып жатыр – аумақты сканерлеп, қауіпсіз екеніне көз жеткізіліп тұру керек. Автобусты, бір құтқарушы мен жүргізушіні міндетті түрде алып шығамыз. Жұмыс жүріп жатыр, мерзімін айту қазір қиын», - деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.

Айта кетейік, Министр қазақстандық құтқарушылардың мұндай жағдайға бірінші рет тап келіп тұрғанын атап өтті.

«Бұл ерекше жағдай. Қазақстан бұрын-соңды болмаған. Сондықтан тәжірибеміз де жоқ. Қазір әлемдегі тәжірибелерді зерттеп жатырмыз. Сіз әуеден көтеру мәселесін айттыңыз ғой. Оның ықтималдығы аз. Бұл жерде жер қыртысын аршып, автобусқа жетіп алу қажет. Ал жер қыртысын аршу үшін экскаватор мен басқа да техникаларды пайдалану керек», - деді Сырым Шәріпханов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер