Жол-көлік оқиғасы. Жантүршігерлік апаттан үш адам қайтыс болды

3031
Adyrna.kz Telegram

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болып, үш өзбекстандық азамат көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі atpress.kz-ке сілтеп.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, 20 қаңтар күні  17.00 шамасында Орал-Атырау тасжолы, Ақжайық ауданының Самал ауылына жақын маңда жантүршігерлік жол апаты тіркелген. Салдарынан үш адам қайтыс болған.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті орын алған жол апатына қатысты пікір білдірді.

"Mazda CX-7 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Өкінішке қарай, жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы - 40 жастағы әйел мен 12 жастағы бала оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір 15 жастағы жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген департамент хабарламасында.

 

Пікірлер