Қазақстанда вейпке қатысты заңды бұзғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1425
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Тәртіп бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда вейптерді заңсыз айналымға жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  • вейп сатқаны үшін ең ауыр жаза - 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн - 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезінде міндетті түрде клиникалық хаттаманы қолдану алып тасталды.

 

Пікірлер