Алматыда тағы да жер сілкінді

2731
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

Алматы қаласының тұрғындары тағы да жер сілкінгенін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» 26 қаңтар күні 02 сағат 01 минут 28 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың энергетикалық класы —12.7. Магнитудасы —5.7 MPV. Алматы мен Талғар қалаларында 2 балдық жер дүмпуі сезілді»,—делінген хабарламада.

ТЖД жыл сайын қалада 200-ден астам әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болатынын атап өтті.

«Мұндай тербелістер Алматы үшін фондық режим болып есептеледі»,—деп толықтырды департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісі болған еді. Одан кейін де жерасты дүмпулері келесі тәулікте мезгіл-мезгіл сезіліп тұрды. Жер сілкінісі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Қарағанды ​​облыстарында да сезілген.

Пікірлер