"Мені тыңдамады". Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі мән-жайды айтты

1255
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Науқастан шақырту алған ақ халаттылар Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласына барған. Сол сәтте белгісіз ер адам жедел жәрдем жүргізушісін жұдырық жұмсаған.

- Бізде қалыпты күн болатын. Шамамен сағат 23:57-де қоңырау түсті, біз тез арада 2-ші блокқа, №30 үйге бардық. Біздің фельдшерлер жеделдетіп үйге кіріп кетті, себебі ол жерде бір жасар бала ауырып жатқан еді, - дейді жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали. Берікқалиұлы.

Зардап шегушінің айтуынша, фельдшерлердің бірі бірнеше уақыттан кейін үйден шығып, планшетке бланкілерді толтырған. Сол сәтте тумбочка көтеріп келе жатқан жас жігітпен жанжал басталған. Тәртіп бұзушы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне әдепсіз сөздер айтып, балағаттаған.

- Мен оған шақыртуда тұрғанымды және кете алмайтынымды түсіндірдім. Ал ол кетіп қалған сияқты болды. Алайда, кейін ол тумбочкасыз қайтып келіп, тағы да балағат сөздер айта бастады. Мен көліктен түстім, сол кезде фельдшер телефонына не болып жатқанын түсіре бастады, себебі ер адам агрессивті болды. Мен оған науқасты, баланы қарауға келгенімізді түсіндіруге тырыстым. Бірақ ол мені тыңдамады, – дейді жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы.

Осылайша науқасқа келген жедел жәрдем жүргізушісі соққы алып, денсаулығына зақым келген. Жүргізушінің сөзінше ол рөлге ие бола алмағандықтан, дәрігерлер екінші топ пен полицияны шақыруға мәжбүр болды.

Жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылғаны туралы ақпараттан соң ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният үндеу жариялап, бұл оқиғаның барысы жеке бақылауында болатынын айтты.

Пікірлер