Билікке қарсылық ретінде. Парижде экоактивистер "Мона Лизаға" сорпа шашты

908
Adyrna.kz Telegram
Фото: AFP
Фото: AFP

Францияның астанасы Парижде Лувр мұражайында тұрған Леонардо да Винчидің XVI ғасырдағы ерекше туындысы – “Мона Лизаға" экоактивистер  сорпа шашқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Белсенділер биліктің ауыл шаруашылығы саласындағы саясатына осылай қарсылық білдірмек болған.

Ал тарихи жәдігер оқ өткізбейтін әйнекпен қапталғандықтан ешқандай зақым келмеген.

Бақылау камерасындағы видеодан екі әйелдің «біздің ауыл шаруашылығы жүйеміз ауырып жатыр» деген сөзбен «пайдалы тағамға» құқығын талап еткенін көруге болады.

Еске сала кетейік, соңғы бір апта бойы Францияда фермерлер салықтың өсуіне, жанар-жағармай мен мал азығының қымбаттауына байланысты наразылық жиындарын өткізіп жатыр.

Пікірлер