Кратер пайда болды. Майқайыңдағы автобусты іздестіру жұмыстары тоқтатылды

1205
Adyrna.kz Telegram
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Павлодар облысындағы “Майқайыңалтын” шахтасында опырылған жерде үш метрлік кратер пайда болды. Құтқарушылар мен экскаватор шұғыл түрде жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазба орнында кратер пайда болды. Оның тереңдігі үш метрдей. Шұңқырдың түбінде де бос орындар бар. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жер бетіне шығарылды. Апат қаупінің күшеюіне байланысты жұмыс уақытша тоқтатылды”, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Эндокамера көмегімен шұңқырды зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, хабарлағанымыздай, ТЖМ құтқарушылардың өміріне қауіп төніп тұрғандықтан, автобусты іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтата тұру мәселесін қарастырған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер