Алматы әкімдігі лай көшкінінен қаза тапқан отбасын жерлеуге көмектеседі

1139
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы әкімдігі лай көшкінінен қаза тапқан отбасын жерлеуге көмектеседі

«Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын», - деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануы салдарынан лай көшкіні болды.

Пікірлер