Сейсмикалық стансалар желісі 11 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 11 ақпан күні Алматы уақытымен 06:37:07 жер сілкінісін тіркеген.
Анықталғандай, жер дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Болған жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6 болса, магнитудасы MPV 5.3.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.