Ауған соғысының ардагерлеріне 200 мың теңгеден беріледі

1192
Adyrna.kz Telegram

15 ақпан Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күніне орай 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге) қаражат төленеді. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді, депп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 2024 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады.

Осыған орай елордада Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлері бірқатар әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылады.

Атап айтқанда:

  • қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру;
  • тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • екі жылда бір рет тіс протездеу қызметтері;
  • ай сайын коммуналдық қызметтер үшін 4,5 АЕК мөлшерінде (16 614 теңге) ақшалай өтемақы.

«Сонымен қоса 15 ақпан Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күніне орай 50 АЕК мөлшерінде жылына бір реттік төлем беріледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елордада бүгінде 1210-нан астам Ауған ардагері тұрады.

Пікірлер