“Алаяқ есепші”. Астаналық әйел қомақты қаржы жымқырып, құмар ойындарын ойнаған

988
Adyrna.kz Telegram

Астанада құмар ойынға ақша тігу үшін қомақты қаржы жымқырған алаяқ есепші сотталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы қалалық прокуратураның хабарламасына сілтеме жасап.

Құмар ойындарына деп алаяқтық жолмен ақша алған әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Белгілі болғандай, кінәлі азамат жауапкершілігі шектеулі серіктестікте есепші бола тұра, серіктестік иелерін шетелге тиімді инвестиция салу туралы жаңылыстырып, алдау арқылы 385,9 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

Әйел ұрланған ақшаның барлығын дерлік казинода жоғалтқан.

"Аталған іске қатысты мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсіне қатысты барлық дәлелдемелерді ұсынды. Сот үкімі заңды күшіне енді", - деп хабарлады елордалық прокуратура.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер