Ауа райына байланысты. Алматы әуежайында рейстер тоқтатылды

961
Adyrna.kz Telegram
nqz_airport
nqz_airport

16 ақпанда Алматы әуежайынан бес рейс тоқтатылып, 60-ы кейінге қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, қазір әуежай терминалында 750-ге жуық жолаушы өз рейстерін күтіп отыр.

“Қазіргі уақытта Алматы аэродромының аумағындағы ауа райы: жел 4 м/с, көру қашықтығы 10 км, тұман, ауа температурасы -17. Қазіргі уақытта ауа райы жағдайына және жауын-шашынға байланысты (қатты қар жауып, тұман) әуежайда ұшу-қону жолағы мен перронды тазалау жұмыстары жүргізілуде”, - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебінен болып жатқанын атап өтті.

"Ауа-райы жақсарған сайын рейстердің кешігуіне қатысты жағдай тұрақталуда. Әуежай басшылығы жұмылдырылып, авиакомпания өкілдері жолаушыларды барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде", - деп хабарланды.

Айта кетейік, 17 ақпандағы сағат 02:00-ге дейін желдің екпіні 8 м/с, көріну 800 м, нөсерлі қар, қалың тұман. Ал сағат 10:00-ден бастап желдің екпіні 3 м/с жетеді, көріну 3 100 м, жауын-шашын болжанбайды, температура -15.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер