Астанада цирк ғимаратының жанында автокөлік өртенді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қалалық ТЖД мәліметінше, 18 ақпан күні сағат 10:41-де өрт сөндіру бөлімшесіне көліктің жанғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Renault Duster көлігінің қозғалтқыш бөлімі жанып тұрғаны анықталды. Өрт 10:51-де оқшауланып, 11:03 - те жойылды", - делінген департамент хабарламасында.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан бес адам және Астана ТЖ департаментінің бір техника бірлігі жұмылдырылған.