Саусақ ізін қалдырудан бас тартқан жағдайда шетелдік азаматтар елден шығарылады

886
Adyrna.kz Telegram
Фото: sever-press.ru
Фото: sever-press.ru

Саусақ ізін қалдырудан бас тартқан жағдайда шетелдік азаматтар елден шығарылады. Дактилоскопиялық тіркеу тек шетелдік азаматтар үшін міндетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, ел аумағында уақытша, тұрақты тұруға рұқсат немесе виза алу үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті дактотіркеу 1 қаңтардан бастап жүзеге асып келеді.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде мұндай тіркеуден 1591 шетелдік өткен.

«Дактотіркеуден өту үшін азаматтар көші-қон қызметіне жүгінуі керек. Көші-қон қызметінің әрбір бөлімшесінде арнайы жабдықтар қойылған. Қызмет алушы тұлғалар белгіленген нұсқаулыққа сәйкес саусақ ізін қалдырады. Дактилоскопиядан өткен соң азаматқа анықтама беріледі, оны әрі қарай құжат рәсімдегенде халыққа қызмет көрсету орталығына немесе аумақтық көші-қон қызметтеріне ұсына алады» деп түсіндірді полиция департаментінен.

 

Пікірлер