Ақ түтек боранда қалған азаматты құтқарғаны үшін ауыл әкімі марапатталды

1169
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің әкімі Иманқұлов Батырғали ақ түтек боранда қалған азаматты құтқарғаны үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Агенттік Төрағасы табиғат сынақтары тұсында қиындыққа тап болған қоғам мүшелеріне мемлекеттік қызметші ретінде қолдау көрсетіп, азаматтық ұстаным және батыл іс-қимыл танытқаны үшін алғыс білдірді.

Батырғали Иманқұлов  6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні ақ түтек боранда трактормен қар құрсауына қалып, ауылға қарай жаяу шығып бағытынан жаңылысып қалған азаматқа дереу көмекке барып, ауылға аман-есен жеткізген. Мемлекет қызметкерінің ерлігінің арқасында азаматқа уақытылы көмек көрсетілді.

Агенттік Төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов табыстады.

Пікірлер