50 жылдан соң. «Тапсырысыңыз Айға жеткізілді!»

1130
Adyrna.kz Telegram
Сурет: overclockers.ru
Сурет: overclockers.ru

АҚШ-тың ғарыш кемесі Айға сәтті қонды. Миссияның мақсаты - Айдың оңтүстік полюсін зерттеу, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі NASA ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – АҚШ тарихындағы жер серігіне алғашқы коммерциялық қону. Өйткені құрылғыны жеке ғарыш орталығы ұшырды.

NASA Nova-C миссиясының командасын X әлеуметтік желісінде модульдің қонуымен құттықтады.

«Сіздің тапсырысыңыз… Айға жеткізілді!»—делінген хабарламада.

Ғарыш кемесінің автономды навигациялық жүйесінде ақау болғандықтан, қону қиын болған.

«Біз Айдың бетіндеміз деп сигнал береміз, сондықтан біз команданы құттықтаймыз»,—деді Intuitive Machines миссиясының директоры Тим Крейн.

Айта кетейік, ұшқышсыз құрылғы салмағы 660 келі, құны 120 миллион долларға тең 6 ғылыми-зерттеу құралын Ай бетіне жеткізді.

Пікірлер