Маңғыстауда белсенді топ мүшелері кәсіпорын қызметкерлерін мәжбүрлі түрде ереуілдерге қатысуға шақырған

781
Adyrna.kz Telegram
фото: Оркен-Media
фото: Оркен-Media

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындардың қызметкерлерін алдау және зорлық-зомбылық қаупімен ереуілдерге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат таратылуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Маңғыстау Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасай отырып.

Полицияның айтуынша, мұндай жағдай “West Oil Software” ЖШС ұжымында орын алуда, ал сот қызметкерлердің ереуілі заңсыз деп таныды.
Жалпы саны 100-ден астам адамға жеткен “West Oil Software” ЖШС-нің жекелеген жұмысшылары заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті. Алайда, олар ереуіл белсенділерінің тарапынан қысым көруде.
Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Аталған дерек бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі.
Бүгінгі таңда облыстық полиция департаменті заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыру фактілері бойынша ҚК-нің 402-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Оларға қатысы бар адамдардың көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттеріне құқықтық баға осы қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде берілетін болады.
Полиция қызметкерлері азаматтарды зорлық-зомбылық, қысым және алдау қаупі фактілері бойынша ішкі істер органдарына жүгінуге және арандатушылыққа берілмеуге шақырады.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер