Facebook және Instagram желілерінде ақау пайда болды

1004
Adyrna.kz Telegram
Фото: BBC
Фото: BBC

Әлем бойынша Facebook, Instagram және YouTube желілерінде ақау пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бүкіл әлем бойынша желі қолданушылары қызметке шағымдануда.

Downdetector мәліметтері бойынша, браузер арқылы да, мобильді қосымшалар арқылы да әлеуметтік желілерге кіруде қиындықтар туындаған.

"Сеанс уақыты аяқталды. Қайта кіріңіз", - деген жазулар желіге кіргенде көрсетіледі.

Желілердегі ақау шамамен Астана уақыты бойынша сағат 20:35-те орын алды. Facebook-те қолданушылар өз аккаунтына кіре алмай жатыр, ал Instagram-да лента жаңармай тұр.

Дүниежүзі бойынша Facebook-тегі ақау туралы 90 мыңнан астам, ал Instagram бойынша 16 000-нан астам ақау-хабарлама анықталған.

Әлем бойынша Meta желілеріндегі ақаулар Израиль, Грузия, Словакия, Беларусия, Украина, Қазақстан сынды бірқатар елдерде байқалады.

Әлеуметтік желілерге және басқа қызметтердегі ақау бүкіл әлемдегі желі қолданушыларында пайда болғаннан кейін Meta компаниясының ресми өкілі Энди Стоун жақын арада бәрін түзететінін айтты.

Пікірлер