Шымкентте 84 мыңнан астам долларды сатпақ болған жалған ақша жасаушылар ұсталды

969
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 84 мың доллардан астам жалған ақшаны жұмсамақ болған ақша жасаушылар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Шымкент қаласы бойынша ҚМА департаменті жалған шетел валютасын сатумен айналысқан жалған ақша жасаушылардың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір топ адам 84 200 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша сатқаны үшін әшкереленіп, күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен «екі айға қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.

ҚМА бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) Қырғызстан мен Қазақстанда жалған 100 долларлық банкноттарды сатқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, қызметін тоқтатқанын айтқан болатын.

 

Пікірлер