YouTube Premium енді қазақстандықтар үшін қолжетімді болмақ

827
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин YouTube Premium қызметі енді қазақстандықтар үшін қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында ол YouTube-тің өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен Қазақстанда сервисті іске қосу мәселесін талқылаған.

"Ал бүгін мен сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам", - делінген хабарламада.

Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Бағдат Мусин, сонымен қатар, қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері талқыналып жатқанын айтты.

Пікірлер