Каспий теңізінің жағасынан 40 өлі итбалық табылды

619
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлі денесі табылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Дауылдан кейін біздің мамандар лақтырылған өлекселерді іздеу үшін үнемі теңіз жағалауын бақылап отырады. Олар басқа жерде өліп қалған, себептерін медициналық сараптама анықтайды. Көздері өлгеннен кейін зақымдалған болуы мүмкін. Оларды құстар өлген жануарлардың арасынан жұлып әкетіп, жемтік қылады», - дейді Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.

Соңғы үш күннен бері Каспий теңізінде дауыл дамылдамай тұр. Әлеуметтік желіде көздері зақымдалған итбалықтардың фотосы пайда болды. 29 наурызда Түпқараған өңіріндегі Урдюк мүйісі мен Баутинская шұңқырының аралығындағы жағалаудан 40 итбалықтың өлексесі табылды.

Мамандардың алдын ала тексеруінен кейін өлекселерден дене жарақаттары, азаптау немесе зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері табылмады, дейді мамандар.

Пікірлер