"Жағдайы бірқалыпты". Аудан әкімі су тасқыны кезінде жарақаттанған құтқарушымен кездесті

771
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазталов ауданы әкімдігі
Фото: Қазталов ауданы әкімдігі
Аудан әкімі су тасқыны кезінде жарақаттанған құтқарушыға алғысын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
31 наурыз күні Батыс Қазақстанда құтқарушыға мас күйінде ер адам пышақ сұғып алған болатын. Ол аудандық ауруханаға жеткізілп, ем алған.
1 сәуір күні аудан әкімі су тасқынының алдын алу кезінде жарақат алған құтқарушымен кездесіп, ерен еңбегі үшін ризашылығын білдірді.
"Қазір ауданымыз қиын жағдайда тұр. Жоғарыдан келген су көлемі әбігерге салып отыр. Біз жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдан келген шаралардың бәрін қабылдап, жұмыстанудамыз. Су тасқынының алдын алу шаралары кезінде орын алған оқыс оқиғадан хабардармын. Ел басына күн туған шақта қызметтік борышыңызды атқару барысында жасалға қылмыстық әрекет ешбір ақтауға келмейді және заң аясында тиісті шаралар қабылдануы керек. Сізге су тасқынының алдын алу кезіндегі еңбегіңіз үшін, халықпен бірге болғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Тез сауығып, қатарға қосылуыңызға тілекшімін - деді аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы.
Қазіргі таңда зардап шеккен Батырбек Қапсиқовтың жағдайы бірқалыпты, дәрігерлер бақылауында.
Пікірлер