Медицинадағы жемқорлық. Бірнеше дәрігер жауапқа тартылды

803
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік емханаларда сапа талаптарын бұзған ақ залаттылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі 24KZ-ке сілтеп.

Алматыда емдеу және диагностика стандарттарынан ауытқыған медицина саласының қызметкерлері тарапынан олқылықтар кеткен. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрес агенттігінің  қалалық қызмет басшысы мәлімдеді.

Қаладағы кейбір емдеу мекемелерінің басшылары мемлекеттік сатып алуда тауар мен қызмет түрінің құнын асыра көрсетіп, пайдаға құныққан. Департамент 2023 жылы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Ішкі аудит департаментіне сатып алу бағасын 2 миллиард теңгеден астам сомаға негізсіз көтермелеу фактілері туралы хат та жолдаған.

Антикор тексерісінен кейін аталған саладағы 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылған

"Құқықбұзушылық мәселелері бойынша бұл – бөлек мәселе. 2 жылдың көлемінде 3 қылмыстық іс тіркелген болатын. Оның ішінде мемлекет қаржысын жымқыру фактілері де бар", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы.

Пікірлер