Желіде қызына пышақ ала жүгірген әйелдің видеосы тарады

1025
Adyrna.kz Telegram

Желіде жасөспірім қыздың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбадан келіншектің жасөспірімге пышақ ала ұмтылғанын көруге болады. Ал қорғануға тырысқан қыз жан дауысымен айқайға басып, жылай бастайды. Жасөспірім соққыдан қашып құтылуға тырысқан, алайда нәтиже болмаған. Бұдан өзге әйел оны жеңіл жейдесінен ұстап, жұдырықпен ұра бастайды.

Жаға ұстатарлық жағдай үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеоны редакцияға жолдаған дереккөздің мәліметінше, оқиға 30 наурызда Шымкент қаласындағы «Нұрсат» шағын ауданында болған. Айтуынша, бұл пәтерде мұндай жанжалдар жиі орын алады.

«Анасы туған қызына пышақ ала жүгірді. Мен олардың көршісімін. Олар жақында  көшіп келген. Келіншектің бұдан өзге екі немесе үш кішкентай баласы бар. Нақты санын білмеймін. Оларға  көмектесіңіздерші», – деп жазды анонимді дереккөз.

Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша 31 наурызда қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Видеодағы жасөспірім әйелдің бірінші некеден туған қызы. Ол қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында.

Келіншектің қызына мұншалықты қатыгездік танытуына не себеп болғаны белгісіз. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Бұл іс Шымкент қалалық ПБ бастығының бақылауында», – деді полиция департаменті.

Пікірлер