Бұланды ауданына тасқын судан келген шығынды есептеуге көшпелі комиссия барады

474
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасынан.
Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасынан.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданының Журавлевка және Капитоновка ауылдарында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 сәуірде Боқсық өзенінің тасуы салдарынан елді мекендерді су басқан. Эвакуациялық пункттерге 400-ге жуық адам жеткізілді, тұрғындардың бір бөлігі туыстарында орналасты. Үй жануарлары қауіпсіз жерге шығарылды.

Бүгінді танда елді мекендердегі жағдай тұрақты.

Тұрғындар үйлеріне оралды. Жергілікті атқарушы органдар қажетті көмекті анықтау және залалды есептеу мақсатында тұрғындарға хабарласуда. Ауылдарға гуманитарлық көмек - азық-түлік және төсек-орын жабдықтары жеткізілді.

Журавлевка ауылдық округінің әкімі Татьяна Гильгербергтің айтуынша, әкімдік әр тұрғынға алдын ала хабарлаған. Ергін қар суы ауылға 10 минутта жеткен.

«Барлық шаралар қолданылуда. Жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Аудан әкіміне техникалық тексеру жүргізуді тапсырдым, Төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия ауылдарға барып, сол жерде жедел жұмыс істеуі керек. Барлығына көмек көрсетіліп, шығын өтеледі. Сіздерге түсіністік пен шыдамдылық көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын», - деді тұрғындармен кездесуінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Пікірлер