Бішкекте «Сорос-Қырғызстан» қоры қызметін тоқтатпақ

2248
Adyrna.kz Telegram

Бішкекте Сорос-Қырғызстан қоры қызметін тоқтатпақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Interfax агенттігіне сілтеп. Агенттік мұны Қырғызстанда коммерциялық емес ұйымдардың жұмысын шектейтін заңның қабылдануынан кейінгі жағдай ретінде түсіндіруге тырысқан. Алайда бұл қор бұдан алдын Қазақстанда да өз жұмысын тоқтатқан болатын. 

Қор өз жұмысын сонау 1993 жылы Қырғызстанда бастады, жалпы сомасы 115 миллион долларды құрайтын түрлі бастамаларды қолдады. Қолдау көрсетілетін жобалар ауқымы денсаулық сақтау, технология, білім беру және ақпараттық технологиялар салаларындағы бастамаларды қамтиды.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров коммерциялық емес ұйымдарды қудалау туралы ақпаратты жоққа шығарып, жаңа заңда мұндай әрекеттер қарастырылмағанын алға тартқан еді. Ол мемлекет тарапынан ешқандай шектеулер мен қудалаулардың болмайтынына жеке кепілдік берген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер