Үшінші күн. Есілдің суы әр екі сағат сайын көтерілуде

929
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тепличное ауылында елді мекенді су басудан сақтау үшін бөгетті бекіту жұмыстары үшінші күн қатарынан жүргізілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Есіл өзеніндегі су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр. Өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жағдайды күн сайын бақылауда ұстап отыр.

"Үш күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін нығайту барысын өзім тікелей бақылап жүрмін. Кеше 30 мың қадам жүрсем, бүгін де сондай қашықтық жүрдім", – деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқиға орнында барлық қажетті техника жұмылдырылған, шатырлар тігілген, тамақтану ұйымдастырылған. Жұмысқа 1600-ге жуық адам – кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер және құтқарушылар қатысуда.

Сондай-ақ, көмекке көршілес өңірлерден құтқару бригадалары келген. 90 мың қапшық төселіп, су толтырылған бөгет орнатылды. Өңір әкімі халықпен кездесіп, барлық қиындықтарға қарамастан күн-түн демей еңбек етіп жатқан азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

"Басты міндет – елді мекеннің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық қауіптер жойылғанға дейін жұмысты жалғастырамыз", – деді СҚО әкімі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Тепличное ауылында бөгетті бекіту жұмыстарына сүңгуірлер де тартылғанын хабарлады. Мұндай шаралар желдің күшеюіне және толқынның бөгетке тигізетін кері әсеріне байланысты қабылданған.

Ауыл тұрғындары 25 сәуірде эвакуацияланған болатын. Әр екі сағат сайын Есіл өзеніндегі су деңгейі 1-2 см-ге көтерілуде. Су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері күтілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер