Иерусалим тауларындағы ірі орман өрті. Израиль бес елден көмек сұрады

918
Adyrna.kz Telegram
Фото: vesty.co.il
Фото: vesty.co.il

30 сәуір күні таңертең Иерусалим тауларындағы Месилат-Цион елді мекенінің маңындағы Эштаоль орманында ірі өрт басталды. Өртке байланысты жағдай ушығып тұрғандықтан, Израиль еуропалық бес елден орман өртімен күреске көмек сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өртке қарсы қызмет пен құтқару қызметі жоғары қауіптілік режиміне көшті. Бірнеше аймақтан 50-ден астам өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылып, «Эльад» арнайы эскадрильясының ұшақтары көкке көтерілді. Күшті жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп, жалынның тез таралуына себеп болуда.

«Маген-Давид адом» (МАДА) жедел жәрдем қызметінің бас директоры Эли Биннің мәліметінше, өрт аймағында көмірқышқыл газымен уланған 12 адамға алғашқы көмек көрсетілген.

Өрт болған жерге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келді. ЦАХАЛ-дың Әскери-әуе күштері өртпен күреске көмек көрсетуге дайындалып жатыр. Әуе күштерінің 669-эвакуациялық-құтқару бөлімшесі жоғары дайындық күйіне келтірілді. Армиялық өрт сөндіру техникалары мен арнайы ұшақтар өртті оқшаулау жұмысына қосылуға тиіс.

Қорғаныс министрі Исраэль Кац ЦАХАЛ бас штабының бастығы генерал-лейтенант Эяль Замирге өртпен күреске барынша көмек көрсету туралы тапсырма берді.

«Бұл — ұлттық деңгейдегі төтенше жағдай. Өртті бақылауға алып, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін барлық күшті жұмылдыру қажет», — деді министр.

Израиль Кипр, Грекия, Хорватия, Болгария және Италия елдерінен Иерусалим тауларындағы өртті сөндіруге жедел түрде көмек сұрады.

Өрт сөндіру және құтқару қызметінің басшысы генерал-лейтенант Эяль Каспи төтенше әрекет ету жоспарларын іске қосып, дайындық деңгейін ең жоғарғы дәрежеге жеткізді. Елдегі барлық өңірлердегі өрт сөндірушілер мобилизацияланды.

Өрт салдарынан полиция Иерусалим тауларындағы Неве-Шалом елді мекенін эвакуациялады. Бұл шешім жағдайды бағалаудан кейін алдын алу шарасы ретінде қабылданды.

Сондай-ақ, полиция Иерусалим тауларындағы жалынның таралуына байланысты №1 және №3 трассалар қиылысындағы Модиин маңындағы Латрун ауданын эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Полиция күштері тұрғындарды көшіру және халықпен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын жүргізуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер